Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Авторларға арналған нұсқаулық

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1) журналдың қойылған мақсаты мен тақырыптық бағытына сәйкес келетін өзіндік түпнұсқа тұжырымдары мен автордың ғылыми зерттеулерінің, эксперименттік немесе талдау қызметінің аралық немесе соңғы нәтижелерін ұсынатын бұрын жарияланбаған авторлық қолжазбалар;

2) жалпы тақырыпқа байланысты жаңадан шыққан ғылыми мақалалардың сипаттамаларына арналған жүйелі шолудың қолжазбасы.

ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР

Мақалалар Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы "Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар" сериясының сайты арқылы қазақ тілінде, орыс тілінде немесе ағылшын тілінде электрондық форматта ұсынылады (https://bulletin-histsocpolit.kaznpu.kz/index.php/ped). Файл атауында автордың тегі көрсетіледі (тең авторлар болған жағдайда – бірінші автордың тегі). Ол үшін сайтқа тіркелу қажет (сілтеме https://bulletin-histsocpolit.kaznpu.kz/index.php/ped/login), немесе "кіру" батырмасы арқылы қолданыстағы шотқа кіріңіз.

Авторлар мақалаларды келесі форматтарда жүктейді:

- MS Word – толық мақала;

- Автор мен бірлескен авторлардың аты-жөні көрсетілмеген MS Word – рецензиялау үшін;

- PDF – антиплагиат жүйесі үшін.

 

Мақаланың үлгісін сілтеме арқылы жүктеуге болады: https://bulletin-histsocpolit.kaznpu.kz/index.php/ped/libraryFiles/downloadPublic/33

Қаріп – Times New Roman, қаріп көлемі – 12, туралау – мәтіннің ені бойынша, интервал – бірлік, абзац – 1 см, жиектері (өрістері): жоғарғы және төменгі жақтары – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см.

 

Кестелер, диаграммалар, суреттер форматтауға мүмкіндік беретін форматта ұсынылады (аударманы жүзеге асыру үшін қажет), мысалы: 1-сурет. Атауы. 1-кесте Атауы. Кестелер, диаграммалар, суреттер саны ұсынылған мақаланың барлық көлемінің 20% пайызынан аспауға тиіс. Қаріп – Times New Roman, қаріп көлемі – 10.

 

Мақаланың құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар:

- әмбебап ондық жіктеу индексі (ӘӨЖ) сол жақ жоғарғы бұрышта болуы тиіс;

- ҒТАХР (ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық реті) – үш  тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі);

- авторлардың тегі, аты, әкесінің аты үш тілде (әдеттегі әріптермен курсивпен, инициалдары тегінің алдында орналасады; ал корреспондент-автор " * " белгісімен белгіленеді);

- әр автордың электронды поштасы (корпоративтік эл. пошта болса);

- жұмыс орны (оқу), қала, ел үш тілде жазылады;

- мақаланың атауы үш тілде (ортасында бас әріптермен, қаріп қалың);

- аннотация үш тілде (кемінде 150 және 300 сөзден аспайтын);

- кілт сөздер/сөз тіркестері  үтір арқылы үш тілде (5-10 сөз);

- мақала мәтініне мыналар кіреді:

кіріспе (зерттеудің өзектілігі, ғылыми маңызы, мақсаты),

негізгі бөлім (негізгі бөлім мәтіні, зерттеу әдістемесі, ғылыми әдебиеттерге шолу, әдістер, нәтижелер, дискуссия) және қорытынды – IMRAD;

 

- пайдаланылған дереккөздердің тізімі мақаланың соңында таратылады. Деректер көзі мақалада оларға сілтеме жасау тәртібімен беріледі. Мақала мәтініндегі сілтеме нөмірі шаршы жақшада рәсімделеді, мысалы - [1, 13 б.]. Әдебиеттер тізімінде кемінде 15 және 40-тан аспайтын дереккөз болуы тиіс.

Мақаланың көлемі (ҒТАМР, мақаланың атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотациялар мен кілт сөздерді есепке алмағанда) 5000-нан кем болмауы және 7000 сөзден аспауы тиіс.

Авторлардың ең көп саны - 3. Мақалада әр автордың байланыс электрондық поштасы көрсетіледі.