Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-80 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ ДІН КӨРІНІСТЕРІ

Жарияланған May 2021

74

72

Аңдатпа

Дін – кез-келген дәуірде, кез-келген тарихи кезеңде болса да сол қоғам санасының күрделі, әрі ежелгі формасы болып табылады.
Қазақстан аумағына ислам діні сонау қараханидтер дәуірінде тамырлана бастаса да, ислам дінің қазақ халқының қоғамдық өмірі мен әлеуметтік тіршілігіне кеңінен өріс жая бастаған кезеңі кейіннен басталды. Біздің қолымызда бар түрлі этнографиялық мәліметтер арқылы Кеңес Одағы қалыптасқанға дейінгі кезеңде ислам діні қазақ салт-санасының, күнделікті дәстүрлі өміріне кеңінен (түбегейлі десек те болады) енгендігін аңғара аламыз. Ислам діні тек салт-дәстүрмен шектелмей Қазақстан аумағындағы халықтың (яғни қазақтардың) дәстүрлі құқығына да айналып біткен болатын. Қазақ даласында шариғат заңы тек ережелерде пайдаланып қана қоймай өмірде де өз орнын ала алды. Осындай үлкен «мәртебеге» ие болған ислам діні Кеңес Одағының қалыптасуымен толықтайын өз беделінен айырылды. Әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі атеисттік үгіт-насихаттардың нәтижесінен, жаппай бұқаралық ақпарат құрал-дарындағы «дінсіздік» мәселелерінің ашық айтылуынан қоғамдық сана өзгерді, бұрыңғы «бісмілләсін» аузынан тастамаған халық шариғат заңына бағыну түгілі күнделікті тұрмысында да ислами ықпалды (мысалы діни салт-жоралғылармен үйлену-некелесу, ораза ұстау, садақа беру, зекет беру) ығыстырды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кушубекова , Ж. 2021. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-80 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ ДІН КӨРІНІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).