Әрбір оқытушы білім алушының оқуға деген мотивациясын арттыруға ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін тиімді әдістер мен инновациялық технологияларды пайдалану қажет. Білім берудегі иннова-циялық үдеріс зерттеу қызметімен тығыз байланысты. Жаңа кезең жаңа мәселелерді көтерді. Қоғам өзгереді, пәнге деген көзқарас өзгереді. Студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру және танымдық іс-әрекетін ынталандыру, зерттелетін объектінің маңызды сипаттамаларын анықтау үшін себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау элементтерін пайдалану, салыстырудың өзіндік критерийлерін таңдау қабілетін дамыту барысында пайда болады. Сабақта түрлі білім беру технологиялары қолданы-лады, олардың көмегімен тренингтер мен зерттеулер ұйымдастырылады және өткізіледі, Соның ішінде гипотезалар шығару, оларды тексеру, қарапайым зерттеу әдістерін жүргізу, жеке алгоритмдер жасау қабілеті дамиды. Бұл
мақалада Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы жаңартылған білім берудің мемлекеттік бағдарламасы аясында педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін тарих және әлеуметтік пәндерді оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолданудың практикалық мәселе-лері қарастырылады. Оқытудың интерактивті әдістері арқылы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Жарияланған May 2021
78
67
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Assymova, D. і Bolatkhan, A. 2021. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).