Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҮЙ МҮЛКІНЕ, ТАҒАМ-ТАМАҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

Жарияланған September 2023

50

60

Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті университеті
Аңдатпа

Мақалада қазақ этнологиясында қолданылып келе жатқан тақырыптық тұрғыдан қарастырылатын кейбір мәселелерді жіктеудің формасы сөз болады. Атап айтқанда, ыдыс және ыдыс-аяқ, үй жабдығы, үй жиһаздары, құрал-жабдық және тағам мен тамақ сияқты бөліністер мен топтастырулардың қолданыстық функциясы қарастырылады. Атап айтқанда, отандық ғылымда халықтық жіктеуді қайнар көз ретінде ұстану ескерусіз қалып, ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан классификациялау үрдісі ғана пайдаланылумен келеді деген сөз. Мәселен, қазақы ортада қалыптасқан үй мүліктері мен ас-тағамды жіктеудің дәстүрлі үрдісін ескере отырып төмендегі топтау үлгісін ұсынған болар едік. Мәселен, ыдыстар мен ыдыс-аяқты үй мүліктерінің негізгі екі құрамы саналатын үй жабдығы және жиһаз деген бөлініс бойынша жиһазға жатқызғаннан гөрі үй жабдықтарының қатарына жатқызған дұрыс болар еді. Сондай-ақ, өзіндік мағыналық айырмашылыққа ие компоненттердің бірі – тамақты арнайы жасайтын болса, тағам бұрын жасалып қойғандығына байланысты атлуымен бірге, азық-түлік деген де мағынаны беретін ұғым екенін байқауға болады. Ғылыми тұрғыдан бұлайша жіктеу – жоғарыда көрсетілген атаулардың әрқайсысының функциясын зерделеуге мүмкіндік береді. Мақалада аталған мәселелерді отандық ғылыми айналысқа енгізу жөніндегі ұсыныстар сөз болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Катран, Д. 2023. ҮЙ МҮЛКІНЕ, ТАҒАМ-ТАМАҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 77 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.025.