Ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаттарының бірі – әлеуметтік-мәдени басымдықтар туралы түсінікті ашып, Қазақстан Республикасының халықаралық әлеуметтік-мәдени басымдарына баға беру болып табылады. Қазақстан Республикасының халықаралық әлеуметтік-мәдени басымдықтарын жан-жақты талқылап, білім беру жүйесіндегі оқыту ерекшеліктеріне баға беру маңызды. Қазақстанның халықаралық аренадағы әлеуметтік-мәдени байланыстар қызметінде Германия мемлекетінің алатын орны ерекше. Осыған орай, мақалада мысал ретінде Қазақстан мен Германия арасындағы әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастың қалыптасу, даму бағыттарын талдау мақсаттардың бірі ретінде таңдалынды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттерінің бірі әлеуметтік-мәдени басымдықтар туралы зерттеу жұмыстарын жүйелеу, нақты пікірлерді талдап, анықтамалық қорытындылар жасау болып табылады. Халықаралық әлеуметтік-мәдени басымдықтардың ерекшеліктерін жіктеп,оның еліміздегі көріністерін анықтау. Қазақстан Республикасының халықаралық әлеуметтік-мәден басымдықтарға сай болып, нақты қай салаларға артықшылықтар беруін нақтылау да басты мәндеттердің бірі саналады.
Әлеуметтік-мәдени қызмет пен басымдықтар қоғам өмірінің басты салалары болып табылады. Әлеуметтік-мәдени басымдықтар азамат өмірінің ең маңызды салаларын анықтайды. Азаматтардың көзқарастары мен сапалы өмір сүру, ұлттық құндылықтарына мән беріп, заман талаптарына сай болуы әлеуметтік-мәдени басымдықтардың негізін құрап отыр. Тақырыптың өзектілігі де Қазақстан Республикасының халықаралық әлеуметтік-мәдени басымдықтарына сай болуын анықтау, сол бағытта атқарылып жатқан шараларға баға берумен байланысты.
Зерттеудің нәтижесінде әлеуметтік-мәдени басымдықтарға ғылыми баға беріліп, халықаралық әлеуметтік-мәдени басымдықтарды жүзеге асырып келе жатқан ұйымдардың жұмысы, даму бағдарламаларының нәтижесі ғылыми тұжырымдалды.