Мақалада Қазақстандағы мәдени жадының тарихи бейнелері, олардың ерекшеліктері мен эмоционал-дық сипаттамасы қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Авторлар тарихи идеялар мен бейнелердің қалыптасуы ерте балалық шақтан басталатынына, кейін олардың мектептегі білім беру кезеңінде жинақталатынына, алайда кейінгі жылдарда, ұрпақ алмасуы кезінде тың мәліметтер мен бұрын азырақ белгілі тарихтың беттерін ашатын жаңадан табылған тарихи құжаттар негізінде олардың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігіне назар аударады.. Тарихи жады бейнелерін қалыптастырудағы негізгі мақсаттар мен олардың эмоционалдық сипаттамаларын салыстыру мақсатында кеңестік мектептегі және қазіргі жағдайдағы тәрбие тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасалған. Атап айтқанда, ХХ ғасырдың 40-50 жылдары мен ХХІ ғасырдың басындағы коммеморативтік тәжірибелерді тарих сабақ-тарында және тарихи түсініктерді қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстарды бейнелейтін мұрағат материалдары берілген. Мақаланың негізгі мазмұны Қазақстанның Алматы облысының материалдарында суреттелген.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ ЖАДЫНЫҢ ТАРИХИ БЕЙНЕЛЕРІ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жарияланған September 2022
171
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Т.Т., Д. і Б.Т., К. 2022. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ ЖАДЫНЫҢ ТАРИХИ БЕЙНЕЛЕРІ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.17.