Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АТЫРАУ – КАСПИЙ АЙМАҒЫНЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Жарияланған September 2022

191

0

Аңдатпа

Мақалада Атырау облысы жеріндегі қола дәуірі ескерткіштеріндегі археологиялық зерттеулер баяндалады. Қола дәуірі есерткіштері аз сала. Бұл қола дәуірі ескерткіштерінің жоқтығынан емес, оның жүйелі зерттелмеуінен болған олқылық.
Қола дәуірі молалалары мен тұрақтары өзен өңірінде, тұшы суы бар құмды шағылдарда орналасқан. Қола дәуір молалары үймелі топрақты қорғандардан тұрады. Кейін бұл қорғандар темір және орта ғасырларда қайта жерлеу орны үшін пайдаланылған. Соңғы кезеңде құм шағылдардың көшуінен және қорғандардың қазбаларынан қола дәуіріне жататын көптеген археологиялық ескерткіштер ашылды. Соңғы кезеңдегі жиналған деректерді талдай отрып Атырау – Каспий ойпаты аймағындағы қола дәуірі есерткіштеріне талдау жасалды.
Атырау - Каспий ойпатын жаңа тас дәуірінің неолиті кезінен бастап адамдар мекендеген. Бұған аймақтың жерінен неолит тас құралдарының көптеп табылуы куә. Бұл аймақ табиғаты мен ауа-райының арқасында адамдар үшін ыңғайлы болды. Теңіздің жағалау аймағы мен оған құятын көптеген өзендер өңірі орманды және тоғайлы болды. Ал, олдың өңірі аң мен құсқа, су балыққа толы болды.
Неолиттен қола дәуіріне көшу кезеңінде, бұл аймақ жайлы мекен болып қала берді. Бірақ аймақтың қола дәуірі жүйелі түрде зерттелмеген. Болашақта кешенді зерттеуден көптеген ескерткіштер ашылып, аймақтың қола дәуірінің дамуы айқындалмақ.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
М.С., К. і Ғ.Х., Х. 2022. АТЫРАУ – КАСПИЙ АЙМАҒЫНЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.20.