Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚТАНУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ЖӘНЕ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ

Жарияланған March 2022

125

118

Аңдатпа

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Казақстанның әлеуметтік-саяси реформаларының негізгі элементі  мемлекет қызметінің деиделолгизациясы болды. Яғни, саяси жетекшілердің идеология саласынан бас тартуы. Сол кезде идеология - мемлекеттік биліктің азаматтық қоғам дамуына зорлықты қысым жасауы және социализмнің атрибуты ретінде қарастырылатын.  Бұрынғы мемлекеттіліктің негізі болған коммунистік идеологияның күйреуі - социумның жеке идентификациясының күйреуіне, яғни қоғамның өзін-өзі туралы түсініктен, өзінің дамуының болашағы  мен әлемдік үрдістердегі алатын орны туралы түсініктеріннен  айыралды. Сондықтан әлемдік жаңа шарттар бойынша Қазақстанның идентификациясы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Кейінгі ке­зең­де қазақ зиялылары ұлттық идея туралы сөз қозғай бастады. Бұл жақсылықтың нышаны, ұлттық есею мен зерделенудің белгісі. Ұлттық идеяны іздеу – халықтың өзін өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне өзі есеп беріп, қош айтысқан замандарды санасында қорытып, төрт құбы­ласын түгендейді, көшкен ғасырлардан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Етек-жеңін осылай түгендегеннен соңғы ойды ұлттық идея деңгейінде қорытуға талпынады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ишпекбаев , Ж., Оспанова , Р. і Оспанова , Б. 2022. ҚАЗАҚТАНУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ЖӘНЕ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Бер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.12.