Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛАШ БАСПАСӨЗІНДЕГІ МУЗЫКА ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Жарияланған March 2022

125

98

Аңдатпа

Мақалада отаршылдық кезеңіндегі мерзімді басылымдардағы, Кеңестік Қазақстандағы Алаш баспасөзіндегі музыка мәселесі біршама зерттеп-зерделеніп, Тәуелсіздік   дәуіріндегі  «Рухани жаңғыру» үдерісінің тарихи сананы жаңғыртудағы рөлі мейлінше талдап-тарзыланады. Сонымен қатар осы мәселе-ге қатысты мұрағаттардан алынған «Туркестанские ведомости», «Ақ жол», «Шолпан», т.б. газет-журнал материалдарын да молынан қолданған автор тақырыпты барынша ашып көрсетуге хал-қадерінше  тырысып бағады.

Сонымен қатар ұлт зиялысы, Алаш қайраткері  Жүсіпбек Аймауытұлының   музыка  тақырыбындағы рухани мұрасы  сол кезеңдегі баспасөз материалдары негізінде біршама сарапталып, әсіресе, оның «Музыканың пайдасы», «Асыл қазына жиналса екен», т.б. мақалаларына  кеңірек тоқталады. Яғни осы мәселеге қатысты мұрағаттардан алынған «Ақ жол» газетіндегі  мәні жоғалмаған  жоғарыдағы мақала-ларды да мейлінше кәдеге жаратқан автор тақырыпты барынша ашып көрсетуге  ұмтылады.

«Рухани жаңғырудың» басты тірегі, «Мәңгілік ел» идеясының негізі саналатын ұлттық құндылық-тарды дәріптеу мәселесі, Алаш баспасөзінің ұлттық музыка өнеріне қатысты көзқарасына ғылыми тұр-ғыда оң баға беру, бәсекеге қабілетті біртұтас ұлтты қалыптастырудағы төл тарихымыздың зерттеушілер назарынан тыс қалған кейбір тұстарын қайта қарастырудың маңыздылығы, Тәуелсіздікті тұғырлы етудегі, ұлт рухын көтерудегі бұл ғылым саласының өскелең ұрпаққа ықпал-әсері  де назардан тыс қалмаған.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Якуб, А., Купбаева , Р. і Шекербеков , Қ. 2022. АЛАШ БАСПАСӨЗІНДЕГІ МУЗЫКА ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Бер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.20.