Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА»
ЕҢБЕГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы қазақстандықтарға, әсіресе жас ұрпаққа қазақ-тың түбі терең тарихын, төл ділін, мәдениетін зерделеп берген баға жетпес еңбек болып табылады. Тарихи құжаттар мен фактілерді ой елегінен өткізе отырып, автор ұлттық тарих пен мәдениетті ұлттық рух тұрғысынан саралап, отандастарын қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлы рухын асқақта-туға, тарих тағылымдарын мәңгі жадында сақтауға шақырады.
Қазақстанның арғы-бергі тарихын белгілі бір жүйеге келтіре отырып талдау, одан шынайы әрі ғылыми тұрғыда құнды деректерді атап көрсетудің тарихнамалық мәні зор. Бұл жөнінде Қазақстан Респуб-ликасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы: «Қазір біздің ұлтымыздың алдында тұрған ең басты міндет, ең қиын міндет – Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыт-бағдарын дәл айқындап, сол мақсатқа неғұрлым тезірек жетудің жолында аянбай еңбек ету»
Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты еңбегінде Қазақстан мемлекеттілігінің негіздері, шынайы ұлттық мемлекетті құру алғышарттары тарихи тұрғыда сараланған. Кітап өмірдің әр түрлі салаларын қамтыған сегіз тараудан тұрады.
Тірек сөздер: Тарих толқынында, Елбасы, ұлт тарихы, мемлекет, Қазақстан