Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛТЫН ОРДА - 750 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ ОЙ

Жарияланған June 2021

75

73

Аңдатпа

Мақалада Республика Президенті Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға әлем назарын аудару қажеттігі туралы міндет аясындағы мәселелер қозғалған. Ел тарихын саралауда Алтын Орданың маңызы мен рөлін анық көрсету міндеті қойылған. Әлем және орыс зерттеушілері тарапынан бұл тарихи кезеңді бағалау аясындағы тұжырымдары мен ұстанымдарын замануи тұрғысынан объективті бағалау қажеттігі де аталған. Екі жүз елу жыл татар-моңғол басқыншылығының езгісінде болып, елдікке азаттық күрестердің нәтижесінде жеттік дейтін тұжырымдардан гөрі ел болып, етек-жеңімізді жинауға Алтын Орданың мемлекеттік жүйесі тікелей ықпал етті деген пікірлерді қайта қаралған жөн. Әрине Алтын Орда ыдырағаннан кейін бой көтеруге ұмтылған Мәскеу мемлекеті Алтын Орда дәстүрімен қалыптастырғаны тарихшыларға аян. Автор пайымдауынша Алтын Орда мұрагері Ұлы Дала төсіндегі қазақ этносы мен оның хандығы, Ресей деген ұстанымда өткен ғасырда басым болып келген.
Осымен қатар мақалада соңғы уақытта «Ұлы хан Батый – Ресей мемлекетінің негізін қалаушы» атты кітабы отандық ғалымдар тарапынан көптеген пікір қайшылықтарын тудырғаны жаналап көрсетілген. Осы тұжырым аясында автор Алтын Орданың ежелгі территориясының қырық пайызы бүгінгі Қазақстан иелігі, байырғы қазақ жұртының ата-мекені екенін дәлелдеу объективті ғылыми мәселе. Олай болса Ұлы Дала төсіндегі Қазақстан Алтын Орданың мұрагері деген ұстанымды мемлекеттік, тарихи-хронологиялық толық құқы бар деп есептейді.
Сайып келгенде, мақалада Алтын Орданың құрылғанына 750 жылдығы шегінде қазақ халқы да ұлт болып қалыптасу жолында қилы-қилы тарихи кезеңді бастан кешкені нақты деректермен дәлелделген. Мақала тұжырымы бойынша қазақтар Алтын Орданың кеңістігін мекендеген «Дешті қыпшақ» бірлестігінің объективті жалғасы деп тұжырымдалған.

pdf (Русский)