Саясаттың қайсыбірі болмасын тұрғындардың жеке мүдделеріне қарай алға қойған және орындалатын мақсат-міндеттерден, осы мүдделерін қорғайтын әдіс-тәсілдерден, құралдардан, қоғамдық-мемлекеттік институттарынан тұрады. Ірі мемлекеттердің аумағындағы табиғи-климаттық, жағырапиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси-этникалық және басқа да ерекшеліктеріндегі айтарлықтай айырмашылықтарға қатысты өңірлерге бірыңғай көзқарас қалыптастыру өте қиын.
Мақалада өңірлік саясат мазмұнының теориялық аспектілеріне салыстырмалы талдау жасалынады және қазіргі өңірлік саясат, өңірлік саясатты әзірлеу мен іске асырудың теориялық-әдістемелік алғышарттары мен мәні, өңірлік саясаттың теориялық қалыптасу үрдістері, себептері баяндалған. Өңірлік саясат ұғымы мен маңызын анықтау түрлі зерттеушілердің көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі өңірлік саясаттың негізгі мақсат-міндеттері, бағыттары мен жүргізу әдістерінің мазмұны ашылады. Жалпы өңірлік саясатты жүзеге асыру тиімділігін арттыру үшін қорытындылар мен ұсыныстар жасайды.