Аталған мақала түрлі мемелекеттердің белгілі әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарына әкеп соғатын миграция (көші-қон) сияқты қазіргі заманның өзекті проблемасына арналған. Мақалада заманауи Жапониядағы мигранттар мәселесі зерттеледі. Үкіметтің мигранттарға қатысты саясаты ашылып көрсетіледі; «ути» және «сото» дуалистік тұжырымдамаға негізделген жапондықтардың шетелдіктерді және олардың мәдениетін қабылдамауына байланысты мәселенің мәдени аспектісі, бұл тұлғааралық қатынастарды проблемалар тудырады. Халықтың қартаюы және туу деңгейінің төмендеуімен байланыс-ты заманауи демографиялық жағдай көрсетілген. Мигранттардың резервтік еңбек күші ретінде қажеттілігі негізделеді. Мигранттар саны және олардың түрлі саладағы жұмыспен қамтылуы туралы деректер келтірілген. Мақала авторларының Жапонияда тағылымдамадан өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жапонтану бөлімшесінің студенттері мен оқытушылары арасында өткізген сауалнама қорытындылары жарияланған
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Балакаева, Л. і Адильгазинова, А. 2021. ҚАЗІРГІ ЖАПОНИЯДАҒЫ МИГРАНТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).