Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

Жарияланған May 2021

117

80

Аңдатпа

Мақаланың басты мақсаты – Қазақстан мен Жапония елдері арасындағы өзара ықпалдастықтың қалыптасуы мен даму бағыттарын, нәтижелерін ғылыми тұрғыдан зерделеу. Бүгінгі таңда дамушы Қазақстан мемлекеті мен дамыған Жапония елі арасында экономикалық, саяси, білім беру, энергоресурс саласын тиімді игеру бағыттары бойынша дипломатиялық келісімдерге қол қойылған. Жапонияның Орта Азия мемлекеттеріне қатысты ұстанған саясатында, оның өзге Азия елдеріне қатысты жүргізілетін азия-шылдық саясатының бір ұшы байқалады. Жапонияның Қазақстанға қатысты саясатының негізінде еліміз-дегі нарықтық экономиканы одан әрі ілгерілету, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзіндік күш-жігерді қолдау, адам ресурстарын дамыту жатыр. Екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықта экономика саласындағы байланыс ерекше орын алады. Дегенмен экономика салсындағы ынтымақтастық айтарлықтай нәтиже берді деп айтуға әлі ерте. Қазақстанның энергетикалық ресурстары мен Жапонияның экономикалық және технологиялық даму деңгейін ескерсек, әлі де бар мүмкіндіктің толыққанды пайдаланылмай отырғандығын көруге болады.
Қазақстан мен Жапония елдерінің арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасын қарастыруда салыстыру әдіс мен екі ел арасындағы келісімдер мен өзара ықпалдастық мәселесін қарастыруда жүйелік әдісі қолданылды.
Мақала материалдары Қазақстан мен Жапония елдерінің арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынас мәселесіне қызығушылық танытқан кез-келген ізденушіге көмек құралы бола алады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Рүстемова A. 2021. ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ҮРДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).