Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДӘРЕЖЕСІН КӨТЕРУ

Жарияланған May 2021

64

34

Аңдатпа

Мақалада ғылым оқу арқылы зерттелетіні және әлемдегі барлық адамзат тиісті білім беру арқылы өркениетті ел болуға ұмтылатыны айтылған. Бұған Қазақстан да кіреді. Жастардың жаһандану жағдайында, оларға білім алуда еркіндік пен мүмкіндіктер бере отырып, өздерінің ұлттық бірегейлігін жоғалтпауы үшін мәдениет пен білім беру деңгейін арттыру, ұлттық өзіндік ерекшелігін, мәдени мұрасы мен дәстүрлерін сақтау арқылы «зияткерлік қоғам» құру қажеттігі айтылады.
Қазақстан жастарының зияткерлік деңгейін арттыру үшін мақалада жоғары оқу орындарының кітапханаларында кітаптарға тапсырыс беретін студенттерді цифрлық бақылау арқылы жоғары оқу орындарындағы жастардың зияткерлік деңгейін арттырудың маңыздылығы жан-жақты талданған.
Сонымен қатар, мақалада білімді мамандарды даярлау және зияткерлік ұлттың болашағы уақыт өте келе білімнің, қоршаған ортаның, университеттердің, БАҚ-тың, қоғамдық ұйымдардың әсерінен қалыптасатындығы қарастырылады. Жоғары білім алуда жастарға кітапты көп оқу керек, бұл жастардың білім деңгейін арттырады, сондықтан студенттердің жоғары оқу орындарындағы кітапханаларға қанша кітап оқитынын үнемі бақылау қажет. Кез-келген қоғамдағы әдебиет көптеген адамдардың, соның ішінде жастардың ақыл-ойына қызмет ететінін бәріміз жақсы білеміз.
100 жаңа оқулықты қазақ тіліне аудару арқылы қолжетімді «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыруда қазақстандық жастардың әлемдік білімді игеруіне ерекше көңіл бөлініп, қазақстандық жастардың әрбір дұрыс қадамы болашақта мемлекеттің дамуына арналады. ХХІ ғасырда әлемнің барлық дамушы елдері дамыған елдер қатарына көтеріле алмайтынын ескерсек, Қазақстан жастарының зияткерлік деңгейін арттыру болашақта жасалатын үлкен істердің кепілі болады.

pdf