Бұл мақалада дәстүрлі көшпенділер қоғамында, билер институтының рөлі мен орны аз қарастырыл-ған мәселе бойынша зерделеу жүріп жатыр. Осы еңбекте билік институның көзі, мазмұны мен мінез-демесі, қазіргі қоғамдағы «билер институты», «билер кеңесі» түсініктерін тереңдетіп
көпшілікке жеткізу қарастырылып отыр. Нақтылы мінездемелер мен түсініктемелерді бұрынғы заманда билердің қарапайым адамдармен, жалпы қоғамдағы атқарған рөлі мен орнын көрсетеді. Осы мәселені зерттеген Ш.Уалиханов пен С.Зимановтың жазғандарында, билердің сот ісін шешуде алдымен, салт-дәстүр, әдет-ғұрып шеңберін-де моральдық-этикалық нормаларына жүгінгені жайлы айтылады. Мақалада билердің қандай әлеуметтік таптан шыққанын, жасына байланысты талап, отбасылық мұрагерліктің дәстүрі және күнделікті тәжірибе жинау шеберлігі сияқты талаптарға аса үлкен мән берген. Зерттеу жұмысында, ерекше орын алатын:
а) атақты билер мен хандардың арасындағы қарым-қатынас;
б) рулық қоғамындағы дала демократиясына байланысты әділ және адал билерді таңдау;
в) билер соты мен билер кеңесінің тарихи пайда болу негізі;
г) «Жеті Жарғы» заңдарының қалыптасу процесі;
д) билердің әлеуметтік, дипломатиялық, әскери-саяси мәселелерін шешуде атқарған рөлі мен орны;
е) Билік институтының құлауы және ыдырауының негізінің көрсетілуі.
Көшпелілер қоғамында билер институты биліктің саяси құрылымының ірге тасы деп түсінеміз.Билер институтын жан-жақты зерттеу, қазіргі қоғамға өзінің кейбір элементтерімен сот ісін жүргізуде қолданыс табады деп сенеміз.
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ
Жарияланған May 2021
137
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ошанов, Н., Нурлигенова, З. і Макалаков, Т. 2021. ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5461.9.