Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БОЛАШАҒЫ

Жарияланған May 2021

270

58

Аңдатпа

Ұлы дала жадында мемлекеттіліктің тарихи динамикасы мен оның болашағы жөніндегі ақпараттар ел есінде сақталуы арқылы ұлттық ерекшелік бүгінгі күнге жетіп отыр. Дала тарихы уақыт өте келе қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына жағдай тудырған жерлердің, мемлекеттердің, қалалардың, ескерт-кіштердің тарихи атауларын береді.
Мақала Ұлы даладағы қазақ мемлекеттілігінің алғашқы кезеңіндегі мәселелерге арналған. XV ғасыр Ұлы даладағы көшбасшылардың - «Шыңғыс әулетінің» «үлкен ойындарының» бетбұрысы болды. 1465 жылы «Қазақ хандығын» құру процесі мен Керей мен Жәнібек хан басшыларының қазақ мемлекетті-лігінің одан әрі даму перспективаларын жүзеге асырудағы рөлін қайта қарастыру маңызды.
Алғашқы қазақ хандары тиімді стратегиялар арқылы бәсекеге қабілетті мемлекет құрып, қазақ мемлекеттілігін нығайтудың және оның Ұлы даладағы ықпалының артуына жағдай жасады.

pdf (Русский)