Мақалада 2016 жылғы 15 шілдедегі Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейінгі қазақ-түрік лицейлері желісінің «Білім-инновация» лицейлері жүйесіне институционалдық трансформациясы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – желіні қайта ұйымдастыруды үш өлшемде кешенді талдау: екіжақты дипломатия эпизоды ретінде, құқықтық және ұйымдастырушылық қайта құру ретінде және трансұлттық білім беру желісінің институционалдық тұрақтылығының жағдайы ретінде. Мақаланың міндеттері аймақтық контексті қалпына келтіру мен Анкара талаптарына мемлекеттердің жауап беру нұсқаларын жіктеуден, 2016 жылғы тамыздағы дипломатиялық реттеу тетігін сипаттаудан, лицейлердің жаңа мәртебесін құқықтық бекітуді, кадрлық және қаржылық өзгерістерді талдаудан, сондай-ақ педагогикалық модельдің сабақтастығын бағалаудан тұрады. Тақырыптың өзектілігі «Білім-инновация» лицейлерінің Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс істеудің негізгі институттарының бірі болып қала беруімен айқындалады. Зерттеуде тарихилық, объективтілік және жүйелілік қағидалары негізінде жалпы ғылыми және арнайы тарихи әдістер (тарихи-генетикалық, салыстырмалы-тарихи, нақты-тарихи, институционалдық талдау) қолданылды. Дереккөздер ретінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, халықаралық қоғамдық қорлардың ресми материалдары, 2016–2026 жылдардағы қазақстандық және халықаралық мерзімді басылымдардың жарияланымдары мен отандық және шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері ретінде Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттеріндегі бірыңғай трансұлттық желі өткен төрт институционалдық траекторияның жіктемесі; білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында «Білім-инновация» лицей-интернаты деген дербес түрдің бекітілуі; мемлекеттік қаржыландыру мен қадағалау қордың оқушыларды конкурстық іріктеу құқығымен ұштасатын гибридтік басқару моделінің қалыптасуы; жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде шетелдік персоналды жергілікті кадрлармен алмастыру саясатының айқындаушы рөлі туралы тұжырым көрсетілді.
ТРАНСҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖЕЛІСІН ҰЛТТАНДЫРУ: ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙЛЕРІН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ (2016–2025 жж.)
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Қазақстан
қазақ-түрік лицейлері
«Білім-инновация»
білім беру егемендігі
трансұлттық білім беру
жұмсақ күш
элиталық білім беру
қазақстан-түркия қатынастары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оте, Д., Жумашев, Ж. і Мейрамбеков, А. 2026. ТРАНСҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖЕЛІСІН ҰЛТТАНДЫРУ: ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙЛЕРІН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ (2016–2025 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.016.

