Қазіргі жаһандану процестері әртүрлі халықтар, этникалық топтар мен мемлекеттердің мәдениеті арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертті. Бұл мақалада жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінде болашақ педагогтардың бойында толеранттылық сананы қалыптастыру жолдары мен қажеттілігі, сондай-ақ оның білім беру процесінің тиімділігіне әсері қарастырылады. Мақалада қазіргі замандағы толерант-тылықтың рөлі қарастырылған болатын. Жақында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң жоба-сындағы толеранттылық мәселесі атап өтіледі. Толеранттылықты тұлғаның бойында басты қасиет ретінде қалыптастыру мен дамыту қазіргі білім беру жүйесінде негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Осы мәселе-лермен қатар, мақалада толеранттық қатынастарды дамытуда педагогикалық толеранттылық ұғымының мәні қарастырылады. Педагогикалық толеранттылықтың компоненттері мен студенттердің бойында педа-гогикалық толеранттылықты қалыптастырудың кезеңдері қарастырылды. Болашақ мұғалімдерді дайын-даудағы толеранттылықты қалыптастырудың олардың элементтері және нәтижелері туралы қорытынды жасалады.
ЖОО-да ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДІҢ БОЙЫНДА ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Жарияланған May 2021
56
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
толеранттылық, қарым-қатынас, толеранттылық сана, педагогикалық толеранттылық, педагог
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұрманбетқызы, Ж. 2021. ЖОО-да ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДІҢ БОЙЫНДА ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).