Бұл мақалада Қазақстанның халықаралық туризмінің даму тарихына ерекше көңіл бөлінген. Халықаралық туризм бұл халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Халықаралық туризм шетел валютасының белсенді көзі болып табылады және де ол мемлекеттің төлем балансына әсер етеді. Халықаралық туризм көптеген елдердің экономикасына ғана емес, соныме қатар олардың әлеуметтік-мәдени ортасына, экологиясына да әсерін тигізеді. Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл әлемдік сауда ұйьмының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Туризмнің даму қарқыны бүкіл әлем бойынша жылдан жылға ұлғаюда. Қазақстан азаматтары белсенді турист болып, өз отанымыздың табиғатын жақсылап білуді көздеп, оның барлық жерлердің табиғаттын, салт-дәстүрі мен мәдениет ерекшеліктерін танып білуде. Туристік саланың өзіндік сипатының болуы оның ресурстарының жаңарып отыруымен, эконо-миканың басқа секторларымен салыстырғанда тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Туризм индустриясының дамуының көлемі мен бағыты халықтың орналастыру, қозғалыс, тамақтандыру, көңіл көтеру құрал-дарындағы сұранысына негізделеді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алдашева , А. 2021. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ БҰЛ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).