Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛДЕРІНЕ МИГРАЦИЯ АҒЫНЫ

Жарияланған May 2021

145

188

Аңдатпа

Халықаралық қатынастар жүйесі тұрақты өзгеруде, онда жаңа сын-қатерлер, проблемалар, белгілі бір трендтер пайда болуды. Бұл мағынада жаһандық миграцияға да бұл аталғандар қатысты. Бұл мақалада соңғы жылдары Орталық Азиядан көшіп-қонушылардың Ресейдің
орнына Еуропаның басқа елдері келген, дәстүрлі қалыптасқан бағытқа қарсы ұмтылуы туралы айтылады.
Мұндай үрдіс мемлекеттердің табиғи шекараларын төмендететін жаһандану әлемдік көші-қонның біртіндеп өсуіне ықпал ететін бірқатар ішкі және сыртқы себептерге байланысты қысқа мерзімді болып табылмайды. Сонымен қатар, экономикалық даму деңгейі жоғары Еуропаның жетекші елдері жақсы жұ-мыс және жақсы өмір жағдайларын іздеуде жүрген шетелдіктерді әрдайым қызықтырды. Бұл проблема-ның өзектілігінің басқа себептерінің ішінде ОА-ның жедел демографиялық дамуын, еуропалық елдердің неғұрлым арзан, бірақ, соған қарамастан, жеткілікті білікті жұмыс күшіне қызығушылығын айтуға бола-ды. Бұдан басқа, Ресейдегі экономикалық дағдарыс, көші-қон саясатының күрделенуі, валюта бағамының әлсіреуі, сондай-ақ ОА елдері бюджетінің шетелден ақша аударымдарына тәуелділігі кешенді түрде дәс-түрлі миграция бағытын ауыстыруға үлкен қызығушылық тудырады.
Жұмыстың мақсаты-Орталық Азия елдерінен Еуропаға көшіп-қонушылар санының біртіндеп көбеюінің феноменін зерттеу және өзекті халықаралық ахуалдың контекстінде осы құбылыстың себептері мен салдарын талдау.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Еуропалық Одақ елдеріндегі Орталық Азиядан көшіп-қону-шылардың саны бірте-бірте ұлғайып келе жатқаны туралы қорытынды жасалады. Келесі онжылдықта бұл феномен ОА елдеріндегі бала туудың жоғары қарқынына және азаматтардың орта жас жасына қатысты, ЕО-ның арзан және бір мезгілде білікті жұмыс күшіне деген қажеттігіне, ОА экономикасылық әлеуетіне және Ресейдегі экономикалық дағдарысқа байланысты өзекті болады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Shapay, M. 2021. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛДЕРІНЕ МИГРАЦИЯ АҒЫНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5461.22.