«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін дамытуда үлкен маңызға ие болды. Бұл бағдарламаның қабылдануында шетелдердегі осы бағыттағы бағдарламалардың тәжірибелері ескерілген. Мәдениетті дамытуға қатысты халықаралық ұйымдар қабылдаған заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттарды басшылыққа алған қазақстандық бағдарлама Ресей Федерациясы, Франция және т.б. елдердегі іске асқан ұқсас бағдарламалардың тәжірибелеріне сүйенді. «Мәдени мұра» бағдарламасы посткеңестік кеңістікте пайда болып, ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтірген елде тарихи таным, тарихи сана қалыптастырумен бірге жас мемлекеттің мәдени құндылықтарын әлемге танытуды да мақсат етеді.
Мақалада «Мәдени мұра» бағдарламасының архив ісін дамытуға ықпалы және Шетелдік архивтік Қазақстан бағытына сай атқарылған жұмыстардың тәжірибесі талданып, оларға баға беріледі. Қазақстан-дық «Мәдени мұра» бағдарламасының архив саласына қатысты бағыты талдау нысанына алынды.
«ШЕТЕЛДІК АРХИВТІК ҚАЗАҚСТАН»: МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Жарияланған May 2021
368
157
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, зарубежная архивная Казахстаника, қазақстандық археография тәжірибелері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Хазреталикызы, Р., Ахмет, А. і Тұрсұн, Х. 2021. «ШЕТЕЛДІК АРХИВТІК ҚАЗАҚСТАН»: МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5461.19.