Еліміздің егемендік алған отыз жылдан астам уақыт ішінде болып жатқан әлеуметтік экономикалық саяси жағдайлар халықтың демографиялық жағдайына көп ықпалын тигізді. Бүгінгі Қазақстан Республика-сының алдында тұрған ең маңызды зерттеулердің бірі демографиялық мәселелер болып, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы, яғни қазіргі Түркістан облысының демографиясы өз алдына маңызды тақырыптардың бірі саналады. Халықтың саны мен оның демографиялық жағдайында бұрын-соңды болмаған өзгерістер орын алды. Солардың бірі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы халқының демография-лық ахуалында өзіндік ерекшеліктер мен артықшылықтар орын алды. Бұл туралы жүргізілген ғылыми зерттеулер жаңа тұжырымдарды алға тартуда. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан облысы халқының демографиялық жағдайы тарихи аспектіде қарастырылады. Ғылыми жұмыста аймақ халқының демографиясы әр түрлі қырынан зерттеледі. Зерттеу жұмысының басты ғылыми міндеттерінің бірі – өңір халқының демографиясы мен аймақтағы демграфиялық процестерді көрсету болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы халқы арасында ішкі-сыртқы көші-қон, неке қатынастары мен туу көрсеткіштері және басқа да жағдайларды басшылыққа ала отырып өңірдің демографиясы сипатталады. Тақырыпқа қатысты статистикалық материалдарға талдау жасалып, оның мазмұны ашылады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (ХХ ғ. АЯҒЫ-ХХІ ғ. БАСЫ)
Жарияланған December 2024
50
37
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Оңтүстік Қазақстан облысы, халық, демография, көші-қон.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Найманбаев, Б. 2024. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (ХХ ғ. АЯҒЫ-ХХІ ғ. БАСЫ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.006.