Киберқауіпсіздік ұғымы мемлекеттің ұлттық деңгейдегі қауіпсіздігіне тікелей байланысты феномен. Ғаламтор желісі, әлеуметтік желілер немесе кез келген ақпарат таратушы көздер белгілі бір әлеуметтік топтарға әсер ету үшін қолданылады. Егер ақпараттық басқару немесе ықпал ету сырт мемлекеттен келсе онда бұл жұмсақ күш стратегиясының бір бөлігі саналады. Сөйте тұра цифрлық технологияларды толық көлемде қолдану қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Ал ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқарудың барлық дерлік салаларында: экономика, білім, денсаулық, саяси, әкімшілік және т.б. қолданылады. Әлемнің осындай цифрландыру жүйесіне жаппай көшуі әр мемлекеттің ұлттық деңгейде өз деректерін кибершабуылдардан қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Әлемнің озық мемлекеттері мемлекетті ақпараттандыруда және деректерді пайдалануда қауіп төндіретін кибершабуылдармен күресу мақсатында кешенді стратегиялық жұмыстарын әлдеқашан бастаған. Соған қарамастан кибершабуылдың саны күн сайынғы дамуға сәйкес азайған емес. Керісінше қауіпсіздікті қастамасыз ету жаңа деңгейге өткен, әрі күрделене түскен. Осы тұста Қазақстанның да өз халқы мен мемлекеттік аппараттарын шабуылдардан қорғау мақсатында жұмыс жасауы әлі де тиісті деңгейге жеткен жоқ. Оған себеп және кедергі болатын мәселелер мен оның шешу жолдарына ұсыныстар осы мақалада талданатын болады.
АҚПАРАТ АҒЫНЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМСАҚ КҮШ САЯСАТЫН ҚОЛДАНЫП ОТЫРҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР ТАРАПЫНАН КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ: ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА
Жарияланған September 2024
16
22
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жұмсақ күш, ақпарат ағыны, ақпараттық басқару, киберқауіпсіздік, Қазақстандағы киберқауіпсіздік.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жұмаділ Б.Н. і Жанысбаева А.П. 2024. АҚПАРАТ АҒЫНЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМСАҚ КҮШ САЯСАТЫН ҚОЛДАНЫП ОТЫРҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР ТАРАПЫНАН КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ: ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.007.