Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ТАРИХНАМАДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған September 2024

13

19

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Аңдатпа

Қазақ хандығының тарихы ХХ ғасырдың алғашқы жартысында-ақ ағылшын және американдық ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналды, бірақ сол ғасырдың соңғы ширегінен бастап қана белсенді түрде зерттеле бастады. Содан бері мемлекеттің өткені кешенді түрде Орталық Азия халықтарының тарихы шеңберінде қарастырылып келген болса, ал қазіргі уақытта арнайы бірқатар іргелі еңбектер жарық көріп келеді.  Жалпы Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі күрделі мәселелерінің бірі оның барлық кезеңдері бойынша жергілікті дереккөздердің тапшылығы болып табылады. Бұл мәселе ағылшын және американдық тарихнамадан да байқалады, олардың басым бөлігінде парсы, шайбанилық сарай дереккөздері пайдаланылады. Шетелдік тарихнамадағы Қазақ хандығының тарихын зерделеудің бір ерекшелігі оның әлемдік тарихтағы рөлін түсінуге бағытталады. Соған орай зерттеудің мақсаты туындап отыр. Мақалада қазіргі заманғы ағылшын және американдық тарихи мектеп өкілдерінің Қазақ хандығының XVIII ғасырдың алғашқы ширегіне дейінгі тарихы туралы ғылыми зерттеу жұмыстары зерделенеді, соған сәйкес ондағы көтерілген мәселелерді қарастыру көзделеді. Сонымен, қазіргі ағылшын және американдық зерттеушілердің еңбектері туралы ғылыми ақпараттар осы жұмыс арқылы отандық ғылыми айналымға ұсынылады. Бұл зерттеулердің ерекшеліктері қарастырылып, пікірталас тақырыптарының кейбір мәселелері анықталады. Сондықтан шетелдік тарихнамадағы Қазақ хандығы мәселелерінің зерделенуі оның маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, тарихтың жан-жақты ашылуына, жаңа идеялар мен зерттеу тәсілдерінің тууына мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Көшенова Ғ.И. 2024. АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ТАРИХНАМАДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.015.