Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУАКӨШУ ЖӘНЕ БОСҚЫНШЫЛЫҚ ТАРИХЫН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған September 2024

30

15

М. Әуезов атындағы ОҚУ
Аңдатпа

Кеңестік биліктің 1920-30 жылдардағы жүргізген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларының қуғын-сүргіндік тәсілдеріне наразылық ретінде республика тұрғындарының едәуір бөлігі мәжбүрлі түрде көрші елдерге ауа көшіп, соңы ашаршылық босқыншылығына ұласты. Осы тарихи құбылысты зерттеу және тарихи танымға айналдыру отандық тарихты өзектілендіретін тақырыптардың бірі. Зерттеудің мақсаты - ауакөшу құбылысының қуғын-сүргін тарихындағы орны мен ерекшеліктерін айқындап, ғылыми танымға айналдыру. Соған сай зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламасына енгізу бойынша педагогикалық ізденістер жүргізу міндеті шешіледі. Нәтижелер: архивтік құжаттар мен естелік деректер бойынша жасалған талдаулар арқылы Қазақстанның оңтүстігінде орын алған мәжбүрлі ауакөшу құбылысының себептері мен салдарлары айқындалды. Көшу бағыттары мен қоныстану аймақтары нақтыланды. Ауакөшуге қатысты архивтік деректер базасы жасалды және ауакөшушілердің ұрпақтарынан сұхбаттар алынып, естеліктер жинақталып, талданды. Зерттеу нәтижелері мен жасалған қорытындыларды тарихи танымға айналдыру үшін «1920-1930 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі ауакөшу тарихы» атты таңдау пәнінің мазмұны түзілді. Оқу бағдарламасы жасалды. Қорытынды: Ғылыми және педагогикалық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей өткен ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік реформаларға қарсылық ретінде орын алған мәжбүрлі ауакөшудің стихиялы емес, ұйымдасқандық сипаты дәлелденді. Ауакөшуді ұлттың генефондын сақтап қалған фактор ретінде қарастыруға болады деген қорытындылар ұсынылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қабыл А.Ә., Хазретәліқызы Р. і Оразхан Н.О. 2024. 1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУАКӨШУ ЖӘНЕ БОСҚЫНШЫЛЫҚ ТАРИХЫН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.021.