Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ғ. 30-50 жж. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАН ГРЕКТЕР

Жарияланған June 2024

62

32

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Аңдатпа

Грек халқы тарихының беттеріндегі ең қайғылы қырларының бірі Сталиннің депортациясы болды. Қара теңіздің солтүстүгі мен шығыс жағалауын мекендеген грек халықтарының басым көпшілігі дерлік Қазақстанның оңтүстік өңіріне де жер аударылған болатын. 1930 жылдардан бастап гректер көшіріле бастады. Қыйын уақытты бастан кешкендері толығымен дерлік жете қоймады. Бұл жұмыста грек халқы-ның жер аударылу тарихы және олардың өмір жағдайы, тұрмыс – тіршілігі, қоныс тепкен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына яғни өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі қарастырылады.

Бұл жұмыстың мақсаты – гректердің жер аударылуының хронологиялық тәртібін қалпына келтіру, оларды Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қоныстандыру және олардың күнделікті өмір тарихының тұжырымдамасы аясында зерттеу жүргізу. Сонымен қатар жеке басқа табынушылық саясатының нәтиже-сіндегі күштеп қоныс аударылған гректердің әлеуметтік-саяси жағдайы және республиканың әлеуметтік-мәдени өміріне қосқан үлесі мен жергілікті халықпен өзара қарым қатынасы, жаңа өлкеге бейімделу үрдісі саралана қарастырылады. Мақалада Қазақстан аумағына жер аударылған гректердің өмір сүруі мен географиялық орналасуы, жұмыспен қамтылуы, олардың оңтүстік өңірдің ауыл шаруашылығын дамы-туға қосқан үлесі, жергілікті халықпен өзара қарым-қатынасы, жаңа өлкеге бейімделу процессі, тұрғын үй және азық-түлік мәселесі және кейінгі ұлттық бірегейлігін сақтауы қамтылады. Қазақстанға арнайы қоныс аудару тарихын зерделеудің және оларды орналастыру жұмыстарының үлкен тәжірибелік маңызды-лығына назар аударылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сенгирбаева, З. і Найманбаев Б.Р. 2024. ХХ ғ. 30-50 жж. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАН ГРЕКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 80, 4 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.031.