Тарихта белгілі тұлғалар өмір сүрген заманның әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ахуалын зерттеуде эпистолярлық мұраның маңызы зор. Осы мұра арқылы біз әртүрлі заман адамдарының өмір салтымен, жазу нақышымен және мәдениетімен танысамыз. Жеке тұлға хаттарынан олардың психологиялық бейнесі және өзіндік ой елегінен өткен заманның мәні көрінеді. Бүгінгі күні хаттар, сондай-ақ психологиялық құжаттар әлеуметтанушылардың, тарихшылардың және басқа саладағы зерттеушілердің айрықша назарын аударып отыр. Мұстафа Шоқайдың хаттары – Еуропадағы түркі эмиграциясының қоғамдық-саяси өмірін сипаттайтын деректердің айрықша түрі. Эпистолярлық дәстүрдің негізгі арнасына түсе отырып, біз осы мұра негізінде түркі эмиграциясы өкілдерінің өзара қарым-қатынасын бажайлап, олардың белгілі бір қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастардың дамуындағы рөлін бағалай аламыз. Шоқайдың эпистолярлық мұрасы – түркі халықтары тарихын бейнелейтін деректердің әлі толық зерттелмеген мол қазынасы. Мұстафа Шоқайдың ғылыми еңбектері, саяси жарияланымдары мен хаттары – ұлт тарихы қайнар көздерінің маңызды бөлігі, сондай-ақ олардың негізінде түркі халықтары тарихындағы «ақ таңдақтар» зерттелетін болады, олар зерттеушілерге Еуропа-дағы түркі эмиграциясының тарихын объективті түрде зерттеуге жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасындағы түркі эмиграциясы тарихының нарративтерін анықтау және талдау.
МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ – ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРКІ ЭМИГРАЦИЯСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ
Жарияланған June 2024
103
30
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кокебаева, Г. 2024. МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ – ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРКІ ЭМИГРАЦИЯСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.024.