Бұл мақалада оқыту процесінде оқушылардың тарих пәнінен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру мен құндылықтар жайлы зерделенді. ХХІ ғасырдың кең ауқымды дағдылары мен тарихи ойлау дағдылары, тарихи концептілер және тарихи оқиға мен тұлғалар тағылымы арқылы тарих пәнің оқыту маңыздылығы қарастырылған. Бүгінгі мектепте өскелең ұрпақ тәрбиесіне тірек болатын, адами қадір-қасиеттерді нығайту үшін ұлттық мүддені нығайтатын, ар-ұжданы таза, салауатты өмір салтын ұстанатын, заманның талабына сай келетін түйінді құзыреттерді қалыптастыру маңызды. «Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтары арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет» - деп мемлекетіміздің Біртұтас тәрбие бағдарламасында көрсетілген.
Құндылықтарды дарытуда тарихи тұлғалардың еңбектерінің орны ерекше. ХХ ғасырда әл-Фараби мен Абай мұрасын зерттеу, ең алдымен, марксистік парадигма мен әдістеме аясында жүргізілді. Олардың туындылары ХХІ ғасырда да заманауи әрі өзекті болып қала беретініні бәрімізге мәлім. Мақалада Фараби мен Абайдай қос алыпты бірлікте зерттеу мәселесі қарастырылған. Олардың ілімдеріндегі тарихи үндесім зерделеніп, еңбектеріндегі сабақтастыққа баға берілді. Ұлттық идея тұрғысынан шығармаларының құндылықтары, Әл-Фараби мен Абай өсиеттері бүгінгі күнмен байланыстырыла талданды.