Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЖАҢА ТҰРПАТТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДЕ (ХХ ғ. 20 жылдары)

Жарияланған June 2024

45

27

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Аңдатпа

Қазіргі Қазақстан Республиксындағы білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінде орын алып отырған түбегейлі өзгерістерді айқын көрсетеді. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі заман талаптарына сай жауап бере алатын модельдерді іздестіріп табу отандық тарихи-педагогикалық тәжірибеге терең үнілуді, оны жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеу қазіргі уақытта туындап отырған көптеген мәселелердің шешімін табуға өз үлесін қосатыны анық. ХХ ғасырдың 20- 30-жылдары халық арасында жаңа тұрпатты мектептерді ашу қолға алына бастады. Қазақстанның барлық облыстары мен уездерінде, болыстарында жергілікті кеңестердің жанынан халық ағарту бөлімдері құрылып, халықты оқу-білімге тартты. Мектеп ашуда көптеген қиындықтар туындады: оқушыларды білімге тарту, оқулықтар дайындау, білікті кадрларды жұмысқа шақыру сияқты. Сол тұстағы «Еңбекші қазақ», «Қазақ тілі», «Ақ жол», «Бостандық туы», «Жұмыскер тілі», «Қызыл Қазақстан», «Лениншіл жас», «Жас қайрат» сияқты газет-журналдар білім алу мәселесіне арнайы айдар ашып, осы мәселелердің шешімін көрсету үшін қазақ зиялыларынан көптеген ұсыныстар түсіп жатты.  Баспасөз беттерінде жарияланылған мақалалардан қазақ зиялыларының жаңатырған мектеп жүйесіне айтарлықтай өзгерістер мен тың идеялар алып келгені соның дәлелі.  Осы мәселені  кешенді  жүйелеу арқылы  сабақтастық  барысын талдау  мақалада көрініс  тауып, мерзімді басылымдардағы  жаңартылған мектеп жүйесі және зиялылар  қызметі автор тарапынан зерделенген.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кенжебаев, Г. 2024. ЖАҢА ТҰРПАТТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДЕ (ХХ ғ. 20 жылдары). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.016.