Б
Бүгінгі таңда қай ғылым саласын алсақ та, қазақ терминологиясында жарыспалы қолданылып жүрген терминдер қатары өте көп. Соның бірі тарих ғылымы терминологиясы. Терминология ғылымында терминдерге қойылатын басты талаптың бірі терминдерді бірізді қолдану. Егер терминдер бірізді қолда-нылмаса, зерттеу еңбектерін жазушы да, оны оқушы да, сондай-ақ, осы сала бойынша оқулық түзуші де, білім алушы да тиісті деңгейде ақпараттана алмайды. Бұл мәселе мақаламыздың өзектілігін көрсетеді.
Мақалада зерттеу еңбектерде, оқулықтарда жарыспалы мәнде қолданылып жүрген кейбір термин-дерді, атап айтқанда, заман, дәуір, саты, кезең біріздендіруге талпыныс жасалынады. Мақала жазу бары-сында осы бірліктерге талдау жасалған, шетелдік, отандық ғалымдардың ғылыми дәйектеріне, тұжырым-дарына талдау жасалынады. Авторлар нақты тарихи деректер, лингвистикалық аргументтер келтіре отырып, өзіндік тұжырымдарын ұсынады. Заман, дәуір, саты, кезең ғылыми атауларының терминдік мағыналарын ажыратып, әрқайсысына дефиниция береді. Мақалада қазақ терминология мәселесіне ғылыми көзқарастар мен негізгі ұстанымдар жүйеленген. Сонымен қатар терминдерге қойылатын басты талаптардың бірі терминдерде бірізділік болуы қажет екендігі талданған. Қазақ терминологиясы өзінің даму тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Оның осы даму тарихын, терминтанудың ғылым ретінде қалыптасу жолын, ұлттық терминдер қорын жасауда ұстанатын бағыт-бағдар, ұстаным қағидаттарды анықтау, терминологияның өзге де көптеген ғылыми-теориялық, практикалық мәселелерін жан-жақты зерттеуде мақаладағы ғылыми талдаулар үлкен үлес қосары анық.