Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

СЫРДАРИЯ ОКРУГІНДЕГІ ТӘРКІЛЕУ НАУҚАНЫ ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Жарияланған June 2024

32

23

Шымкент университеті
Шымкент университеті
Шымкент университеті
Аңдатпа

Мақалада Кеңестік кезеңдегі Оңтүстік өңіріндегі тәркілеу науқанының жүргізілу барысы біршама зерттеп-зерделеніп, саяси науқанның салдарынан Сырдария округінің аудан-ауылдарындағы халыққа түскен салықтар, жер аударылғандар, бай-кулақ тізіміне енгендер және тұтқынға түскендердің нақты сандары келтірілген мұрағат құжаттары  таразыланады.

Нақты айтқанда, зерттеушілер Қаратас ауданындағы айтулы азаматтардың тәркілеуге ұшырау тауқы-метін тарқата көрсетіп беріп, Ержар болысына қарасты аудан жеріндегі бай-кулактар тізбесін келтіру арқылы  конфискациялаудың ауқымы кең болғанын да анық мұрағаттық мәліметтер негізінде деректерге сүйеніп дәйектеп береді. Одан тыс Әулие-ата үйезі Құмарық болысының ірі байлар мен Шу, Талас болысына қарасты байлардың  жасырын тізімін де жария етеді. Одан бөлек, 1928-1930 жылдардағы бай-кулактарды тәркілеу науқанындағы Оңтүстік өңірінен қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың талайлы тағдырын мұрағат құжаттары негізінде зерделеп, саяси репрессия саясатын зерттеуде маңызды дерек көзі ретінде кәдеге асыруға талпыныс жасайды.

Сондай-ақ авторлар өткен ғасырдың осынау қайғылы беттерін тарқата талдап, сонымен қатар осы мәселеге қатысты мол статистикалық  деректерді кеңінен қолданады да, зерттеу нысаны етіп алынған тақырыпты жан-жақты ашып көрсетуге мейлінше   ұмтылады.

Сонымен қатар  ұлт зиялыларының осы мәселеге қатысты көзқарасы, кәмпескеге ұшыраған саяси қуғын-сүргін ұрпақтарының ескірмеген естеліктері де біршама  сарапталып, кеңірек сараланады.

Жалпы архив қорларында  тәркілеуге қатысты құнды материалдар жетерлік. Сол себепті авторлар  аталған тақырыптарға қатысты архивтік құпия құжаттарды ғылыми айналымға да  ұсынады.

pdf