Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ЖАНҰЗАҚ ЖӘНІБЕКОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ БҮРКЕНШІК ЕСІМНІҢ БЕРІЛУІ

Жарияланған May 2021

264

70

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өкілі, дарынды публицист, қоғам қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің өз еңбектерінде авторлық аты-жөнінің берілуі мен бүркеншік есімі қарастырылды.
Зерттеу жұмысы барасында 1908 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Айна» және «Жұмбақтар мен мақалдар» жинағы мен 1909 жылы шыққан «Балалар бәдуәмі» еңбегінің авторы Жанұзақ Жәнібеков екені ғылыми тұрғыда дәлелденді.
Аталған кітаптардың мұқабасындағы «Жәнібеков» және «Ғ.Жәнібеков» есімдерінің Жанұзақ Әлжанұлы Жәнібековке тиесілі екеніне бұлтартпас ғылыми айғақтар келтірілді.
Сонымен бірге, «Қазақ» газетінің 1918 жылғы 262-санында жарық көрген «Аттан, Алаш азаматы!» атты мақала соңында берілген «Ж.Ж» бүркеншік есімінің иесі Жанұзақ Жәнібеков екені нақты ғылыми деректер арқылы зерттеліп, зерделенді және ғылыми тұжырымға қол жеткізілді

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ибраева, Э. 2021. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ЖАНҰЗАҚ ЖӘНІБЕКОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ БҮРКЕНШІК ЕСІМНІҢ БЕРІЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).