Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1916 ж. ТОРҒАЙ КӨТЕРІЛІСІ. ӘБДІҒАПАР ЖАНБОСЫНҰЛЫНЫҢ ХАНДЫҚ БИЛІК ИНСТИТУТЫН ЖАҢҒЫРТУ ӘРЕКЕТІ (ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ)

Жарияланған June 2024

59

45

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Мәмбет Қойгелдиев

Қазақстан тарихы кафедрасының зерттеуші-профессоры, т.ғ.д.

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

1916 жылғы көтеріліс барысында торғайлық көтерілісшілер ұзын қыпшақ Тілеулі батыр Әбдірах-манұлының ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынұлын хан сайлайды. Советтік тарихнама идеологиялық ұстаным-ға бейімделіп, бұл тарихи фактіге саналы түрде көз жұма қарап, Әбдіғапар Жанбосынұлын «Алашорда ханы» атады. Мақала авторлары жаңадан ашылған тарихи материалдарға сүйеніп, соңғы уақытқа дейін тарих ғылымында орын алып келген бұл жаңсақ ұстанымды жаңа көзқарас тұрғысынан талдауға алады.

Мәселе Ә.Жанбосынұлының қызметіне партиялық-таптық көзқарас тұрғысынан баға берумен аяқталған жоқ-тын. Саяси қудалауға ханның өзімен бірге ұрпақтары және әулеті де ұшырады. Тарихи әділеттілік бұл күрделі мәселені мүмкін болғанша егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді.

Мақалада, Ә. Жанбосынұлының Торғай көтерілісіндегі лидерлік қызметі жөнінде (ғылыми жинақтар, мақалалар, естеліктер негізімен) тарихнамалық талдау жасалынады. Аталған мәселе еліміздің тәуелсіздігі жылдарында ғана ашық айтыла бастады. Соған сәйкес, 1916 ж. Торғай облысында жүріп өткен ұлт-азаттық көтеріліске жаңа теориялық және методологиялық құралдармен бағасын берілді, яғни, Торғайдағы көтерілістің ерекшелігі ретінде, оның бұқаралық сипат алған, ең ұзаққа созылған, табанды және бір орталыққа бағынған ұйымдасқан түрде жүргізілгендігі  атап көрсетілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қойгелдиев, М. і Мырзатаева, З. 2024. 1916 ж. ТОРҒАЙ КӨТЕРІЛІСІ. ӘБДІҒАПАР ЖАНБОСЫНҰЛЫНЫҢ ХАНДЫҚ БИЛІК ИНСТИТУТЫН ЖАҢҒЫРТУ ӘРЕКЕТІ (ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.013.