Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ АКСРНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ АХУАЛЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР РӨЛІ

Жарияланған April 2024

28

37

ЕНУ имени Л.Н.Гумилева
Аңдатпа

Зерттеу жұмысының мақсаты – 1920 жылдардағы Қазақ АКСРнің әлеуметтік-шаруашылық ахуалы күрделі өзгерістерді бастан кешіріп жатты. Кеңестік әлеуметтік-шаруашылық реформалар жергілікті қоғамдық даму ерекшеліктерін ескере бермеді. Ал, жоғарыдан жіберген билік кадрлары қазақ халқының тұрмысының түпкі мағынасын түсінуге қабілеттері жетпеді. Осы тұста қазақ ұлтынан шыққан бірқатар тұлғалар әлеуметтік-шаруашылық салаларында жүзеге асып жатқан кеңестік реформаларды ұлт мүдде-сіне бұруға күш жұмсады. Зерттеудің мақсаты аталған тұлғалардың тарихи рөлі мен бүгінгі сабақтас-тығына талдау жасауға арналады.

Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі 1920 жылдары Қазақ АКСР билік жүйесінде қызмет атқарған С. Меңдешев, Ұ. Құлымбетов сынды тарихи тұлғалардың жергілікті әлеуметтік-шаруашылық салаларды түзету мен ілгерілетуге бағытталған іс-әрекеттеріне баға беру және пайымдаумен өлшенеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі 1920 жылдардағы қазақ даласында іске асқан әлеуметтік-шаруашылық құбылыстардың тарихи мәнін айшықтауға септігін тигізеді. Аталған кезеңде қазақ әлеуметі бірнеше тағдыршешті әлеуметтік және шаруашылық реформаларды бастан өткерді. Олардың кемшіліктері мен олқылықтарын түзеп, қоғам пайдасына жұмсай білген саяси қайраткерлердің еңбегін дұрыс бағамдай білу маңызды саналады.

Зерттеудің нәтижесінде 1920 жылдардағы Қазақ АКСРнің әлеуметтік-шаруашылық жүйелерінің даму үрдісінің бірқатар аспектілеріне көз жеткіздік. Кеңестік билік жүргізген реформалардың орынсыз қырларының сипаттарына тарихи пайым жасай алдық. 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Nurbayeva, D. і Kimbat Suleimenova 2024. 1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ АКСРНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ АХУАЛЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.032.