Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЫБЫРАЙ АҚБАЙҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Жарияланған June 2024

50

19

КазНИТУ
Аңдатпа

Халқымыздың тарихын зерттеу мәселесінде, кенжелу қалып келе жатқан тақырыптардың біріне, қазақ қоғамындағы бай-ауқатты адамдардың қоғамдағы алар орны жөніндегі мәселе жатады. Мақалада ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қарқаралы өңіріндегі бай әулеттен шыққан, ел басқарудағы ақыл парасатымен, ел мүддесін ойлаған ұлтжандылығымен танымал болған Ыбырай Ақбайұлының өмір тарихы мен қоғамдық-саяси қызметі сараланады. Ыбырай Ақбайұлы Қарқара өңірінде ел басқарған болыс болумен қатар, жүрегінің түгі бар ұлтазаттық күрестің басында тұрған «Алаш» қайраткерлерімен мүдделес болған тұлға. Алаш қайраткерлеріне материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіп, көмек көрсеткені үшін ел ішінен аластатылып, қуғынға ұшырады. Қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы сынды тұлғалармен достық қарым-қатынаста болды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ халқының ұлтазаттық күресінен шет қалмай, оған үлкен қолдау білдірді. Ұлт тағдыры шешілер тұста Алашорданың жасағын толықтыру, мініс көліктерімен қамтамасыз ету жұмыстарында үлкен көмегін көрсетті.

Қазақстанда кеңес өкіметі орнағаннан кейін, ең бірінші кезекте, тап жауы ретінде кешегі бай әулеттен шыққандардың және өзі де бай болған тұлғалардың қуғындалғаны белгілі. Кеңестік билік тарапынан осындай қуғынға ұшырағандардың бірі Ыбырай Ақбайұлы болды. 1928  жылы бар малы тәркіленіп, өзі 1929 жылы үш жылға Қазақстаннан тыс жерге жер аударылып, жазасын өтеп келгеніне қарамастан 1937 жылы қайта тұтқындалып, жазықсыз жазаланып саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ұлт жанашыры болған, халықтың алғысына бөленген Ыбырай Ақбайұлының есімі лайықты бағасын алып, ардақты тұлғасы әділ бағаланса дейміз!

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Салқынбек, Д. і Ермұханов, Е. 2024. ЫБЫРАЙ АҚБАЙҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.025.