Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ БОС УАҚЫТТЫ ӨТКІЗУІ: ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

Жарияланған June 2024

43

27

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы әйелдердің күнделікті өмірінің аз зерттелген аспектісі – бос уақытты өткізу саласы сипатталады. Жұмыстың мақсаты – әйелдердің бос уақытын ұйымдастыру мен мазмұнындағы өзгерістерді талдау. Зерттеудің міндеттеріне бос уақыттың құрылымы мен мазмұнына әсер ететін факторларды анықтау, мұрағат деректері мен мерзімді басылым материалдарын талдау, сондай-ақ әйелдердің бос уақытына экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлардың әсерін бағалау кіреді.

Мәселенің өзектілігі қазіргі тарихнамада осы аспектінің жеткіліксіз зерттелуімен және өзгермелі қоғамдағы әйелдер өміріндегі бос уақыттың рөлін түсінудің маңыздылығымен түсіндіріледі. 1990 жылдары қазақстандықтардың, оның ішінде әйелдердің бос уақытының құрылымы экономикалық факторлармен анықталса, оның мазмұны сол кездегі әлеуметтік-мәдени жағдайлармен айқындалды. Әйелдер бос уақыттың түрлерін таңдауда шектеулерді бастан кешірді, оның мазмұнында бос уақыттың пассивті түрлері басым болды.

2000 жж. басында республика экономикасындағы оң өзгерістермен және жаһандану мен ақпараттандырудың белсенді процестерімен мәдени-демалыс саласының дамуы орын алды. Бұл жағдайлар әйелдердің бос уақытын оңтайлы және әртүрлі ұйымдастыруға ықпал етті. Әйелдердің бос уақытын өткізуде елеулі өзгерістер орын алған, республикадағы бос уақытты өткізудің жалпы тенденцияларын көрсететін жаңа мүмкіндіктер мен бос уақытты өткізу формаларының пайда болған Солтүстік Қазақстан қалаларына ерекше назар аударылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Abdykulova, G. 2024. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ БОС УАҚЫТТЫ ӨТКІЗУІ: ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.011.