Мақалада ұлттық саяси элитаның ХХ ғасырдың басында мемлекеттілік мәселесін көтергенін және, қоғамдық-саяси қызметінің негізгі бағыттарын сол тарихи кезеңдегі қалыптасқан тарихи, саяси, рухани өзгерістермен байланыстыра отырып талдау жасалды.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық жағдайларға сипаттама беру және Ресейдің оппозициялық партиялары мен қозғалыстарының Қазақстандағы саяси-құқықтық ой-пікірлердің қалыптасуына тигізген ықпалын айқындау да жан-жақты қарастырылды.
Нақты деректер негізінде патша үкіметі мен кеңес өкіметі тұсындағы қазақ мемлекеттігін жаңғырту, қалыптастыру жолындағы ұлттық саяси элитаның озық өкілдерінің атқарған қызметін, олардың идеялары мен бағыттарын, қазіргі уақыт талабына сай шындық пен объективті тұрғыдан жан-жақты зерттеу болып табылады.
Қазіргі таңда қазақ халқының ұлттық жаңғыру, дербес мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының дүние жүзілік даму процесінде алатын орны айқындалып келеді. Осындай күрделі процестер мен мемлекеттің болашақ дамуындағы тағдыры шешілер тұста оның төл тарихына, өткенін зерттеуге ден қою артып отыр. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесінде қалыптасуы, қазақ халқының ғасырлар бойындағы отаршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі, ұлттық мемлекеттікке бағытталған күрес нәтижесінде болды.
ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫ ҮШІН КҮРЕСКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Жарияланған June 2021
392
92
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сапарали, С. 2021. ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫ ҮШІН КҮРЕСКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).