Отандық тарихтағы жан-жақты зерттеуді қажет ететін «ақтаңдақ» парақтарының бірі – ХХ-ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін кезеңі. Мақалада 1920-1930 жылдары Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген ауылшаруашылық реформаларын іске асырудан туындаған саяси қуғын-сүргін тарихы жүйеленіп, оны зерттеудің мәселелері қарастырылады. Тарихи Отанын 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың бас кезінде күштеп ұжымдастыру кезінде тастап кетуге мәжбүр болған Қазақстан азаматтары да солардың қатарына жатады. Аталған қиын-қыстау кезеңдегі қазақ халқының атамекен туған жерінен өзге елдерге ауа көшіп, босқыншылыққа ұшырауы әлі терең зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кеңес өкіметі орнап, орныққаннан кейін пролетариат диктатурасының мемлекеті өзінің саяси және таптық қарсыластарын жаппай қудалай бастады. Ел дамуының қиыншылықтарын «халық жаулары» әрекетінің нәтижесі деп жариялау партия мен Кеңес өкіметіне қарсы тұра алатын ықпалды көшбасшылардың барлығының дерліктей жойылуына алып келді. Тақырыпқа қатысты архив деректер айналымға қосылып, осы кезге дейінгі зерттеу еңбектерінде қалыптасқан тұжырымдар талданады. Қазақстандағы репрессияның тоғыз негізгі кезеңі және республикамызда жүзеге асырылған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үдерісінің төрт кезеңі зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып баяндалған.
ХХ-ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған April 2024
74
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Кеңес өкіметі
ұжымдастыру
саяси қуғын-сүргін тарихы
ауакөшу
ашаршылық босқындары
реэмиграция
толық ақтау
мемлекеттік комиссия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кабыл, А. 2024. ХХ-ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.024.