Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАМАЛ ҚАБЫРҒАСЫНА САЛЫНҒАН КЕСІК ҚАЗБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жарияланған October 2023

92

89

¹Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа

2022 жылы Сығанақ қаласының оңтүстік қақпасынан оңтүстік батысқа қарай 70 м қашықтықтағы қамал қабырғасына перпендикуляр бағытта ені 3 м, ұзындығы 20 м келетін кесік қазбасы салынған болатын. Бұл қазба қамал қабырғасының архитектуралық ерекшелігін және құрылыс кезеңдерін нақтылау жолында айтарлықтай мәлімет берді.Кесіктің жоғарғы жағы қаланың ішке қарайғы аумағының 7 метрін қамтыса, төменгі жағы төбенің етегіне дейін жеткізілді. Қазба орны 0,50 м ярустарға бөлінді. Төмен қарай 6 ярус, ендей 9-18 ярустар аралығында Сығанақ қаласының жоғарғы қабаттағы қамал қабырғасы байқалады. Кесіндіге қарағанда бұл қамалдың екі кезеңде соғылғандығы немесе уақыт өте келе қаптау арқылы күшейтілгендігі аңғарылады. Реперлік нүктеден 5 м теренде (10 ярус) шығыс және солтүстік кесік түйіскен тұста адам қаңқасы анықталды. Бұл жердегі топырақ қатты тығыздықтан құралғандықтан қаңқаны тазалау қиынға соқты. Соған қарамастан басының солтүстік батысқа бағытталғандығы белгілі болды. Бір қызығы қазба жұмысы барысында реперлік нүктеден 6 м теренде жатқан (12 ярус) астыңғы қабаттағы қамал қабырғасы деп топшаланған қатты тығыздықтың астыңғы жағынан мойын омыртқасы ирелендеп майысып жатқан адам қаңқасы анықталды. Бұл қаңқаның белінен төмен қарайғы бөлігі тік шұқырға салынған сияқты. Яғни арнайы жерленбегендігі байқалады. 10 ярустан табылған ыдыс бөліктерін М.Тұяқбаев XIII ғасырға мерзімдеген. Осы кезде Жошы әскерлерінің Сырдарияның төменгі ағысына қарай жорықтар жасағандығы белгілі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мургабаев, М. 2023. СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАМАЛ ҚАБЫРҒАСЫНА САЛЫНҒАН КЕСІК ҚАЗБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 77, 1 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.021.