Мақала Түркістан өлкесіндегі қазақ зиялыларының соңына қалдырған мәдени мұрасын жинақтау және жүйелеуге арналған. Түркістандық зиялылылардың ұлттық баспасөзді қалыптастырудағы қызметі, дәстүрлі білім беру жүйесін модернизациялаудағы және тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен жаңғыр-тудағы қызметі деректік негізде талданады. «Түркістан уәлаятының газетасы» мен «Ақ жол» газетіне дейінгі ұлттық басылымдар қызметіне ұлттық идея қалыптастырушы фактор ретінде баға беріледі. Ұлт зиялылары өкілдері М.Сұлтанқожаұлы, С.Лапин, Қ.Қожықов, К.Төгісов, М.Шоқай, Н.Төреқұлов, С.Қожанов, М.Дулатов және т.б зиялылардың Түркістан өлкесіндегі мәдени қызметінде қалыптастырған шығармалары талданады. С.Лапиннің шығыстану мен түркология саласындағы еңбектері, Қ.Қожықовтың жәдиттік үлгідегі әліппесі, өзге авторлардың түрлі жанрлардағы шығармалары өлкедегі мәдени өмірді жаңғыртуда елеулі рөл атқарды. Мақалада түркістандық зиялылардың мәдени мұрасының ұлт руханиаты-на қосқан үлесі туралы бірқатар тұжырымдар жасалған. ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының ғылыми зерттеудегі қызметтерін ғылыми негізде талдап, әлі де зерттелмеген жақтарын ашып көрсету қажет деп есептейміз. Қазақ зиялылары арқасында Түркістан өлкесі ғылымының дамуында ерекше рөл атқарған тұлғалардың еңбегі бағалануы тиіс. Мақалада Түркістан өлкесінде қызмет жасаған зиялылардың зерттеулерін басшылыққа алып, жаңа көзқарас жағынан қарастырылды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Хазрет, Т., Ас., Х. і Батырбеккызы, Г. 2024. ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.002.