Тәуелсіздік жылдарында Алаш қозғалысына деген көзқарас Кеңестік қоғамдық қатынастардың салдарынан ұмытылып бара жатқан сипатынан өзгеріп, ұлттық идеология деңгейіне көтерілді. Алаш қайраткерлерінің еңбектері жаңаша бағаланып, зерттеушілердің соңғы буынның санасынан лайықты орын алуда. Мақалада Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысының, қозғалыс тудырған Алаш саяси партиясының және Алашорда үкіметінің Солтүстік Қазақстандағы қызметін зерттеуге арналған. Аймақ-тағы Алаш саяси қозғалысының қайраткерлері, олардың қозғалысқа қатысуынан бастап, күрескерлік деңгейге көтерілуі нақты мысалдармен сипаттау. Мәселен, осы уақытқа дейін Алаш қозғалысының күрес-керлік сипаты толық ашылған жоқ. Тіпті, «Алашорда үкіметі жарияланбаған, саяси партияның бағдарла-масы жарық көргенімен, нақты қимылдарға кіріспеген» деген сияқты пікірлер де бар. Оның ішінде, Солтүстік Қазақстандағы Алашорда қайраткерлерінің есімдері ғана аталып, өмірбаян деректері толық зерттеу маңызды орынға ие. Қазақстан тарихшылары жеткен бірқатар ғылыми жетістіктер баршылық. Біз мақалада тарихилық және объективтілік принциптерді ұстана отырып, қоғамдық құбылыстар қандай күрделі болса да, еліміздің бастан кешкен басқа да оқиғалармен ажырамас бірлікте өрбігенін көрсетуге күш салдық. Кеңес кезінде жарық көрген зерттеулерге сын көзбен қарай отырып, жаңа әдіснама негізінде тарихнамадағы ескірген көзқарастардың салқынына ұшырамастан тарихи шындықты қалпына келтіруге тырыстық. Сондықтан, Алаш қозғалысы тарихын, оның ішінде солтүстік өңірдегі құбылыстарды бағалауға жаңа дерек көздерін пайдаландық. Бұл дерек көздерінің ақпараттық мүмкіндіктері әр уақытта толық болмағандығын көрсетуіміз керек.
ПЕТРОПАВЛ УЕЗІ АҚҚҰСАҚ БОЛЫСЫ: АЛАШ ӘСКЕРІН ҚҰРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған October 2023
101
117
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Алаш
Алаш қозғалысы, азаттық күресі, қоғамдық сана, тәуелсіздік, мемлекет құрылысы, Алаш әскері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ibrayeva, A. 2023. ПЕТРОПАВЛ УЕЗІ АҚҚҰСАҚ БОЛЫСЫ: АЛАШ ӘСКЕРІН ҚҰРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.006.