Мақалада Алаш және Қазақстанның ғылыми-педагогикалық интеллигенциясының қызметі мен шығармашылығы жан – жақты бүгінгі күн сабақтастырыла отырып талданған. Сонымен қатар автор Алаш зиялыларының педагогикалық мұрасын ұрпақтар жалғастығы құндылығы арнасында қарастырған.Алаш қайраткерлерібастапбергенжолнұсқаларТәуелсіз Қазақстандажалғасын тауып жатқандына автор баса назар аударған.
ХХ ғ. І жартысындағы қазақтарға білім беру мәселесіне байланысты қазақ зиялыларының айтқан көзқарастарын талдау барысында, алғаш ашыла бастаған мектептерде тек орыс тілінде оқытуды көздесе, кейіннен, яғни ХХ ғ. басына қарай зиялыларымыздың бастауыш мектептерде он екі - он үш жасқа дейін міндетті түрде ана тілін оқыту қажеттігін көрсетті. Ал, мектептерде оқытудың қарапайым халыққа қиындық тудыратынына байланысты қазақ байлары мен қажылары, жергілікті мекемелер қаржы жинап, қазақ балаларының оқып, білім алуына жәрдемін тигізіп отырған. Мектеп санының аздығы, оның ішінде қазақ тілінде сабақ беретін оқытушылардың аздығы оқыту ісі мен мамандар дайындауға зор кедергілер келтірді. Себебі, болашақ мұғалімдерді аз уақытта, қысқаша дайындық курстарында оқытып шығу, олардың кәсіби біліктілігінің төмен болуына алып келді. Жалпы, Қазақстандағы білім беру ісінің қазақ зиялылары еңбектерінде қарастырылуы, олардың халқының болашағы жарқын болуы үшін күрескендігін, аянбай еңбек еткендігін көрсетеді.