Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕЙС-СТАДИ ӘДІСІ – ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған September 2023

146

110

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Аңдатпа

 Қазақстан тарихы сабақтарында кейс-стади технологиясын қолдану және зерттеу мәселелеріне арналған.

Осы технологияның мақсаты, түрлері мен жұмыс кезеңдері анықталып, сыныптар бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларға арналған тақырыптар мен тапсырмалармен нақты мысалдар келтірілген.

Мұғалімдер оқу процесінде инновациялық тәсілдер дегенді модельдеу, жобалау, оқушылардың жұмыстың белсенді және интерактивті түрлерін қолдану, семинарлардың әртүрлі нұсқалары, тренингтер және олардың элементтерін практикалық сабақтарға енгізу деп санайды. Оқушыларды оқытудың тиімді әдісін – кейс-стади әдісі немесе нақты жағдайларды оқыту әдісі деп атауға болады. Оқушылар жағдайды талдап, мәселелердің мәнін түсініп, мүмкін шешімдерді ұсынып, ең дұрыс шешімді таңдауы керек.

Кейс-стади әдісі проблемалық-жағдаяттық талдау форматында нақты міндеттерді шешу арқылы оқытуға негізделгендіктен, бұл әдіс проблемалық және тұлғаға бағытталған оқыту принциптерінің қалыптасқан жүйесін бұзбай үйлесімді түрде заманауи әдістердің спектрін толықтырады, бұл өз кезегінде оқушылардың ақпараттық қоғам форматында қазіргі өмірге дайындығын арттырады. Мақалада қарастырылған әдіс оқушылардың материалды қабылдау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және оқытудың инновациялық әдістерінің бірі болып табылады.Кейс – стади әдіс материалды игеру процесін қызықты және нәтижелі болуға мүмкіндік береді.

Бұл мақала тарихи білім берумен айналысатын тәрбиешілер мен зерттеушілер үшін маңызды.

pdf (English)