Мақалада Кеңестік Қазақстан кезеңіндегі саяси қуғын-сүргін мәселесі біршама сараланып, әсіресе құғын-сүргінге ұшыраған Шымкент қаласының оқу-ағарту қайраткерлерінің рухани мұрасы, олардың мәні жоғалмаған мақалалары мейлінше талдап-таразыланады. Сонымен қатар талапкер зерттеуші қуғын-сүргін қасіретін күні бүгінге дейін құпия болып келген Түркістан облысы мұрағат құжаттары мен мерзімді басылымдардың құнды деректер мен мағлұматтары арқылы ашып көрсетуге тырысқан.
Жалпы есімі елге етене таныс емес тұлғалар шығармашылығы мен қызметі, Шымкент қаласы оқу-ағарту жүйесіне қосқан үлесі мен еңбектері және олардың бай мұрасына ғылыми тұрғыда оң баға беру, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорында сақталған кеңестік баспасөздегі Оңтүстік зиялыларының елеулі еңбектері де назардан тыс қалмаған. Сондай-ақ авторлар Шымкент зиялыларының «Ақ жол» газетінің беттеріндегі мұрасының мән-маңызына да біршама тоқталады.