Зерттеу жұмысының мақсаты–тарихи талдау негізінде Қазақстанның демографиялық дамуының қазіргі кезеңін ғылыми сипаттауға арналады. Сонымен қатар, демографиялық үрдістің басты бағыттарының біріне жататын көші-қон саясатының ерекшеліктері мен оның салдарларын бағалау. Қазақстанның демографиялық ахуалы соңғы жиырма жылда сапалы және сандық тұрғыда күрделі өзгерістерді бастан кешірді. Мемлекеттің көші-қон саясаты демографиялық дамудың бағыттарын тұрақтандыруда үлкен қызметтер атқарды.
Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі Қазақстанның демографиялық дамуы мен көші-қон саясатының қазіргі таңдағы ахуалын жан-жақты тарихи-демографиялық талдау болып табылады. Бұл міндетке қол жеткізу мақсатында мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтері мен материалдар жинақтары белсенді қолданыс тапты.
Зерттеу жұмысының өзектілігітақырыптың қоғамның қазіргі және болашақтағы даму ағымдарын ғылыми саралауға негіз беруімен айқындалады. Бұл мәселе бүгінгі таңдағы көптеген елдердің демография саласының ғалымдарын мазалап отырған сұрақтардың біріне жатады. Әсіресе көші-қон саясатын дұрыс реттеудің мемлекеттік тетіктері белгілі нәтижелердің кепілі болатындығы сөзсіз.
Зерттеудің нәтижесі Қазақстанның демографиялық үдерісінің оң және теріс тұстарын бағалауға септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, Қазақстанның қазіргі демографиялық ағымының қалыптасуының алғышарттары мен даму құбылысының тарихи аспектілері қарастырылған.