Мақалада ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы – ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің Ресейдің ішкі губернияларынан шаруаларды қазақ даласына, оның ішінде Ақмола облысының аумағына қоныстандыруының барысы, оның қазақ даласын отарлау тарихындағы ең маңызды және күрделі кезеңдердің бірі болғандығына арналады. Соның ішінде, этностық топтардың Қазақ жерін қоныс-тануының тарихи кезеңдеріне және барысына айрықша назар аударылған. Мақалада демографиялық өзгерістер, этностардың этникалық тарихы, орналасуы жөніндегі зерттеулер мен деректерге салыстырмалы талдаулар жасалған.Зерттеудегі көздеген мақсатты іске асыруда Қазақ даласына, соның ішінде Ақмола облысының аумағына басқа ұлт өкілдерін қоныстандыруға байланысты жазылған ғылыми еңбектер мен материалдар пайдаланылып, тұжырымдамалар жасалды. Сонымен аталған тақырыпты зерделеу нәтижесі патша өкіметінің қазақ даласын отарлау барысында дала өлкесі халқы саны жағынан көбейіп, жергілікті халық саны азайып, халықтың полиэтникалық және поликонфессионалдық құрамы қалыптасуының барысы мен тарихына айқындық енгізуге мүмкіндік береді.
ХІХ Ғ. СОҢҒЫ ШИРЕГІ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ-СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Жарияланған September 2023
80
55
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бексеитова, А. 2023. ХІХ Ғ. СОҢҒЫ ШИРЕГІ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ-СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 77 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.006.