Қазақ зиялы қауымының да, қарапайым халықтың да өмірін қиған 1920-1950 жылдардағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін қасіреті, қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың да, сондай-ақ, шетелдік зерттеушілердің де назарында. Дегенмен зияткерлік мұраға арналған жұмыстар жеткіліксіз. Сондықтан адам механизмін, оның ауқымы мен тағдырынан көрініс беретін мұндай мәселелер зерттеушілердің назарын қажет етеді. Бұл мақала ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде тұңғыш әліппе жазып, сол арқылы қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ұстаз, қоғам қайраткері, ақын және баспасөз қызметкері Кенжеғали Абдуллиннің өмірбаяны мен қызмет жолы, ағартушылық мұрасы мен азаматтық бейнесіне арналған. Алғашқы білімін ауыл молдасынан алған, жәдидтік идеядан хабары бар Кенжеғали Абдуллин қазақ тарихында алғашқылардың бірінші болып қазақша «әліппе» жазып, ақындық салада «Қазақтың қамы» және «Ұран» атты өлеңдер жинағын шығарған. Өз кезеңі үшін орны зор, мәні үлкен баспасөз органдары - «Кедей» (Ақтөбе), «Оңтүстік Қазақстан» (Шымкент) газеттерінің жауапты редакторы болып қызмет атқарған.
Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі алаш интелегенциясының беделді өкілі, сталиндік террордың құрбаны болған Кенжеғали Абдуллиннің ағартушылық және шығармашылық мұрасы мен әлеуметтік қызметі жөніндегі материалдар тұңғыш рет ұсынылып отыр.