ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында бірқатар халық өмірінде елеулі оқиғалар болды: әлеуметтік теңсіздік, билікке көңіл толмаушылық, кедейшіліктің өсуі, көтеріліс, революция, соғыс, дағдарыс т.б. Сол уақыттың қиыншылықтары Ч.Диккенс, Д.Лондон, Э.М.Ремарк шығармаларына арқау болды. Тарихи тақырыптағы көптеген көркем шығармалар бар, бірақ олардың барлығы тарихи фактілердің дұрыстығын көрсетпеуі мүмкін. Ал бұл батыстық әдебиетшілер өз заманың куәгері ретінде әдеби шығармаларында кейіпкерлер мен оның қоғамдағы рөлі арқылы сол уақыттың мәселелерін көрсете алды. Осы уақытта дейін олардың шығармалары көбі дерлік тарихта Кеңес Үкіметі тұсындағы және Ресейлік ғалымдардың көзқарасымен бағаланып келді. Бұл мақалада Ч.Диккенс, Д.Лондон, Э.М.Ремарктың әдеби шығармаларын тарихи дереккөз ретінде қарастырып, мұрағат құжаттары және кейінгі шыққан зерттеулер негізінде жан-жақты талданды.
.Олардың шығармалары тек Еуропа мен Америкаға ғана емес, Ресейдегі халыққа, тіпті қазақ зиялыларының еңбектеріне де әсері тигені сөзсіз. Сондықтан бұл мақалада Ч.Диккенс, Д.Лондон, Э.М.Ремарктың шығармаларындағы халық тұрмысын, олардың арман тілектері, сол замандағы оқиғаларға, әдебиетшілердің өмірбаяндарына тарихи шолу жасалынды.