Мақалада Жетісу өлкесінің музейлерінде коммеморативті тәжірибесін енгізу қарастырылған. Залдар мен экспонаттарды сипаттау негізінде музейлер жұмысының сипаттамасы берілген. Облыстық музейлерде коммеморативті тәжірибелерді өткізу орны ретінде таңдау музейлердің қоғамда тарихи жадыны қалыптастырудың кәсіби алаңы екендігіне, осы мақсаттағы іс-шаралардың негізгі формасы сабақтан тыс уақыттағы экскурсияларға негізделген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі дәлелденіп, мақалада музейлердегі естелік тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасалып, Жетісу өңірінің музейлерінде кеңестік кезең мен Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңіндегі мектеп оқушыларына арналған естелік тәжірибелердің ерекшеліктеріне тоқталады. Кеңес дәуірінде коммеморативті тәжірибелерге қатысты іс-шаралары белгілі бір идеология негізінде жүргізіліп, ағартушылық қызметте Кеңес елінің көшбасшысының бейнесі өскелең ұрпақтың бойында тарихи ой-пікірлерді қалыптастыруда басты рөл атқарды деген қорытынды жасалады. Қазіргі кезеңде өткізіліп жатқан еске алу іс-шараларындағы орталық бейнелер еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан, республикадан тысқары жерлерге танымал болған халық қаһармандары болды.